13 Тамыз, 2016

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бұйрығы  №161 

214 рет
көрсетілді
24 мин
оқу үшін
2016 жылғы 5 сәуір, Астана қаласы Кредиттік серіктестіктерге арналған қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 3-2-тармағына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған кредиттік серіктестіктерге арналған қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті (Б.Ш.Тәжіяқов) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді; 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін. 3.Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б.СҰЛТАНОВ Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 5 сәуірдегі №161 бұйрығымен бекітілген Кредиттік серіктестіктерге арналған қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы 1. Жалпы ережелер 1.Осы Кредиттік серіктестіктерге арнал­ған қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Респуб­ликасының Заңына (бұдан әрі – Заң) және Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (бұдан әрі – ФАТФ) халықаралық стандарттарына сәйкес әзірленген. 2. Осы Талаптарда қаржы мониторингінің субъектілеріне кредиттік серіктестер (бұдан әрі – Субъектілер) жатады. 3. Егер Талаптарда өзгеше көзделмесе, онда Талаптарда қолданылған ұғымдар Заңда және «Кредиттік серіктестіктер туралы» 2003 жылғы 28 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген мағынада пайдаланылады. 4. Талаптар мақсатында мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтатып қою – Субъектілердің терроризм және экстремизмді не олардың пайдасына қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне кіретін ұйымдардың немесе жеке тұлғаның, осындай жеке тұлға бенефициарлық меншік иесі болып табылатын клиенттің не оның пайдасына ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен жасалатын операцияларды жүргізуден бас тарту жолымен қабылданатын шаралар; 2) клиент – Субъектілердің қызметтерін пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға; 3) қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат­тың нысаны – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1484 қаулысымен бекітілген Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру ережесімен айқындалған нысан (бұдан әрі – ҚМ-1 нысаны); 4) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдері – Субъектілерді қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру процестеріне немесе өзге қылмыстық істерге қасақана немесе байқаусыз тарту мүмкіндігі; 5) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін басқару – қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерінің мониторингі, айқындау, сондай-ақ оларды төмендету бойын­ша Субъектілер қабылдайтын шаралар жиынтығы (қызметтерге, клиенттерге қатысты); 6) уәкілетті орган – Заңға сәйкес қаржы мониторингiн жүзеге асыратын және қыл­мыс­тық жолмен алынған кiрiстердi заңдас­тыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл жөнiндегi өзге де шараларды қолданатын мемлекеттiк орган. 5. Ішкі бақылау: 1) Субъектілердің Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл (бұдан әрі – АЖ/ТҚҚ) туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындауды қамтамасыз етуі; 2) Ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыру (жылыстату) және терроризмдi қаржыландыру (бұдан әрі – АЖ/ТҚ) тәуекелдерін басқару үшін жеткілікті деңгейде қолдауы; 3) АЖ/ТҚҚ тәуекелдерін төмендету мақсатын­да жүзеге асырылады. 6. Субъектілер Ішкі бақылау қағидаларын (бұдан әрі – ІБҚ) ұйымдастыру және сақтау бойынша жауапты тұлға болып табылады. 7. Субъектілер ІБҚ әзірлеу, қабылдау және (немесе) орындау міндеттемелерінің және оны жүзеге асыру бағдарламаларының орындалмауына «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікте болады. 8. ІБҚ АЖ/ТҚҚ-ға бағытталған жұмыстың ұйымдық негіздерін реттейтін және Субъекті­лердің АЖ/ТҚҚ мақсатында іс-әрекет жасау тәртібін белгілейтін құжат болып табылады. 9. Заңның 11-бабының 3-тармағына сәйкес ІБҚ мынадай: АЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасын; технологиялық жетістіктерді пайдалану тәуекелін қоса алғанда, клиенттердің тәуекелдерін және көрсетілетін қызметтерді қылмыстық мақсаттарда пайдалану тәуекел­дерін ескеретін, АЖ/ТҚ тәуекелін басқару бағ­дарламасын; клиенттерді сәйкестендіру бағдарламасын; клиенттердің күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларын зерделеуді қоса алғанда, клиенттердің операцияларына мониторинг жүргізу және оларды зерделеу бағдарламасын; қаржы мониторингі субъектілерінің қыз­меткерлерін АЖ/ТҚҚ мәселелері бойынша даярлау және оқыту бағдарламасын; ІБҚ-на сәйкес қаржы мониторингі субъектілері әзірлейтін өзге де бағдарламаны қамтиды. 10. ІБҚ-ны ұйымдастыру, іске асыру және сақтау мониторингі бойынша ІБҚ жауапты лауазымды тұлға не құрылымдық бөлімше тағайындауды көздейді. Жауапты тұлғаның лауазымына жоғары білімі жоқ, қаржы немесе микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдарында еңбек өтілі 2 (екі) жылдан аз (техникалық немесе қосалқы персонал лауазымдарындағы жұмыс тәжірибесін қоспағанда), экономикалық қызмет саласында ауырлығы орташа, ауыр және аса ауыр қасақана жасалған қылмыстары үшін алынбаған және жойылмаған сотталғандығы бар тұлға тағайындалмайды. 11. АЖ/ТҚҚ туралы заңнамаға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, Субъектілер күнтізбелік 30 күн ішінде ІБҚ-ға тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізеді. 2. Ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасы 12. Ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдар­ламасы: 1) АЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды жүзеге асыру барысында Субъектілер қызметінің сипаттамасын қоса алғанда ішкі бақылауды ұйымдастыру тәртібінен; 2) ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операция жасаудан бас тарту тәртібі Заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1), 4) және 6) тармақшаларында көзделген шараларды қолдану мүмкін болмаған жағдайда, клиентпен іскерлік қатынасқа тыйым салу және тоқтату жөніндегі шараларды қабылдау, Заңның 5-бабы 3-тармағының 6) тармақшасында көзделген шараларды қабылдау мүмкін болмаған жағдайда жеке немесе заңды тұлғаға іскерлік қатынастарды орнатудан бас тарту тәртібінен; 3) зерделеуге жататын күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларды Субъектілердің күдікті операция ретінде тану тәртібінен; 4) уәкілетті органға мәліметтерді, ақпаратты және құжаттарды беру үшін қолданылатын автоматтандырылған ақпараттық жүйелер және бағдарламалық қамту жұмысының нұсқамалары мен регламенттерін қоса алғанда, уәкілетті органға қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты, клиентпен іскерлік қатынастар орнатудан бас тарту, клиентпен іскерлік қатынастарды тоқтату, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операция жүргізуден бас тарту фактілерін беру тәртібінен; 5) клиенттің дерекнамасын және онымен хат-хабар алмасуды қосқанда, клиентті тиісінше тексеру нәтижелері бойынша алынған құжаттар мен мәліметтерді, қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар, сонымен қатар күдікті операциялар туралы құжаттар мен мәліметтерді, сондай-ақ барлық күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларды зерделеу нәтижелерін құжаттық тіркеу және сақтау тәртібінен тұрады. Қаржы мониторингіне жататын және уәкілетті органға берілетін операцияларды құжаттық тіркеу нөмірленген, тігілген, басшының қолы және мөрімен бекітілген қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтерінің есебі журналында жазылады. Қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтерінің есебі журналында: ақпаратты уәкілетті органға беру нөмірі мен күні; хабарлама беру негізі; уәкілетті органның ҚМ-1 нысанын қабыл­дағаны/қабылдамағаны туралы хабарла­маның нөмірі мен күні; 6) Субъектілердің қызметкерлері оларға белгілі болған АЖ/ТҚҚ туралы заңнаманы, ІБҚ-ны Субъектілер қызметкерлерінің бұзу фактілері туралы басшыны ақпараттандыру тәртібінен тұрады. 13. Ішкі бақылауды ұйымдастыру бағ­дарламасына сәйкес Субъектілердің функциялары: 1) ІБҚ-ға өзгерістер мен (немесе) толық­тырулар енгізуді; 2) Заңға сәйкес қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты уәкілетті органға беруді ұйымдастыру және бақылауды; 3) клиент операцияларын күдікті ретінде тану туралы шешімдер қабылдауды; 4) клиент операцияларын күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларға жатқызу туралы шешімдер қабылдауды; 5) клиент операцияларын тоқтату не жүргізуден бас тарту және уәкілетті органға жіберу қажеттігі туралы шешімдер қабылдауды; 6) клиенттермен іскерлік қатынастар орнату, жалғастыру не тоқтату туралы шешімдер қабылдауды; 7) клиентке (оның өкіліне) және бене­фициарлық меншік иесіне қатысты қабылданған шешімдерді құжаттық тіркеуді; 8) ІБҚ-ны іске асыру барысында алынған деректер негізінде клиенттің дерекнамасын қалыптастыруды; 9) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін жетілдіру жөнінде шаралар қабылдауды; 10) клиенттің дерекнамасын және онымен хат-хабар алмасуды қоса алғанда, клиентті тиісінше тексеру нәтижелері бойынша алынған құжаттар мен мәліметтер, қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар және күдікті операциялар туралы құжаттар мен мәліметтер, сондай-ақ барлық күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларды зерделеу нәтижелері клиентпен іскерлік қатынастарды тоқтатқан күннен бастап кемiнде бес жыл сақтауды қамтамасыз ету; 11) АЖ/ТҚҚ туралы заңнамаға сәйкес өзге қызметтер. 14. Субъектілер жүктелген функцияларға сәйкес: 1) өз қызметін жүзеге асыру барысында алын­ған ақпаратты құпия сақтауды қамтамасыз етеді; 2) АЖ/ТҚҚ туралы заңнаманың орындалуын бақылауды жүзеге асыру үшін тиісті мемлекеттік органдарға ақпарат береді; 3) Заңның 10-бабының 3-1-тармағына сәйкес уәкілетті органға оның сұратуы бойынша қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды ұсынады. 15. Субъектілер клиенттер мен өзге де тұлғаларға осындай клиенттер туралы және олар жасайтын операциялар туралы ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды уәкілетті органға бергені туралы хабарламайды. 3. АЖ/ТҚ тәуекелін басқару бағдарламасы 16. АЖ/ТҚ тәуекелін басқару бағдарламасы Субъектілердің тәуекел деңгейін бере отырып АЖ/ТҚ-мен байланысты ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен клиенттің операциялар жасау тәуекеліне бағалау жүргізуін көздейді. Тәуекелдер деңгейі клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы қолда бар мәліметтер негізінде қалыптастырылады. Тәуекелдерді бағалау қорытындылары құжаттық тіркеледі және тиісті мемлекеттік органдар мен Субъектілер мүше болып табылатын қаржы емес ұйымдардың талап етуі бойынша ұсынылады. Клиентке берілген тәуекелдер деңгейі қажеттілігіне қарай, алайда жылына кемінде бір рет қайта қаралады. 17. АЖ/ТҚ тәуекелін басқару бағдарлама­сында тәуекелдің жоғары деңгейі: 1) мынадай: ФАТФ ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) жеткілікті орындамайтын; жемқорлық немесе өзге қылмыстық әрекеттері жоғары деңгейдегі; Біріккен Ұлттар Ұйымы (әрі – БҰҰ) салатын санкцияларға, эмбарго және сол сияқты шараларға ұшыраған; террористік (экстремистік) әрекеттерді қаржыландыратын немесе қолдау көрсететін және белгіленген террористік (экстремистік) ұйымдары бар. Ескертпе. Осындай мемлекеттерге (ау­мақтарға) БҰҰ-ның және халықаралық ұйымдардың мәліметтері бойынша сілтемелер уәкілетті органның ресми Интернет-ресурсында жарияланады. 2) мынадай жағдайларда клиентке: клиент шетелдiк жария лауазымды тұлға болып табылған; клиент жария халықаралық ұйымның лауазымды тұлғасы болып табылған; клиент шетелдiк жария лауазымды тұлғаның мүддесіне (пайдасына) әрекет ететін тұлға болып табылған; клиент шетелдiк жария лауазымды тұлғаның зайыбы, жақын туысы болып табылған; клиент (оның өкілі) не бенефициарлық меншік иесі не клиенттің контрагенті операция бойынша Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6058 болып тіркелген «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының мақсаттары үшін Оффшорлық аймақтар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндеттін атқарушы 2010 жылғы 10 ақпандағы № 52 бұйрығымен (бұдан әрі – Бұйрық) бекітілген оффшорлық аймақтар тізбесіне енген мемлекетте (аумақта) тіркелген немесе қызметін жүзеге асырған; клиент Заңның 12-бабына сәйкес Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енген; клиент азаматтығы жоқ болып табылған; клиент Қазақстан Республикасында тіркелген немесе келген мекенжайы болмаған Қазақстан Республикасының азаматы болып табылған; клиент резидент емес болып табылған; клиентпен іскерлік қатынас ерекше (мысалы, Субъекті мен клиенттің арасында түсініксіз географиялық арақашықтық бар) жағдайларда жүзеге асырылған; клиенттің қызметі қолма-қол ақшаның қар­қынды айналымымен байланысты; клиент берген мәліметтерді тексеру кезінде Субъектіде қиындықтар пайда болған; клиент асығыс операция жүргізуді талап еткен; клиент пайдаланылуы Субъектінің әдеттегі тәжірибесінен айрықшаланатын, стандартты емес немесе есеп айырысудың әдеттегіден күрделі схемалар жүргізуді талап еткен; Клиент жаңа және дамып келе жатқан технологиялар сияқты жаңа, сондай-ақ іс жүзінде бар өнімдерге берудің жаңа механизмдерін қоса алғанда жаңа өнімдерді және жаңа іскерлік тәжірибені пайдаланған; клиент қаржы мониторингі рәсімдерінен жалтаруға бағытталған іс-қимыл жасаған; клиент операциялары бұрын күдікті деп танылған; АЖ/ТҚ-ның жоғары тәуекелімен байланысты клиент туралы өзге ақпарат болған жағдайда; 3) операциялар: қолма-қол есеп айырысуды қоса алғанда, жасырын банк шоттарымен немесе жасырын, ойлап табылған есімдерді пайдаланумен байланысты; айқын экономикалық мәні жоқ немесе анық қойылған заңды мақсаты жоқ; клиентке тән емес жиілікпен жүргізілген; ерекше ірі сомаға жүргізілген; АЖ/ТҚ-ның жоғары тәуекелі туралы ақпарат бар болған жағдайда беріледі. Ескертпе. АЖ/ТҚ тәуекелінің жоғары деңгейі берілген клиенттерге Заңның 5-бабы 7-тармағына сәйкес клиенттерді тиісінше тексерудің күшейтілген шаралары қолданылады. 18. АЖ/ТҚ тәуекелін басқару бағдарламасында тәуекелдің төмен деңгейі: 1) мынадай: Заңның 4-тармағының 4-тармақшасына сәйкес ФАТФ ұсыныстарын орындамайтын және (немесе) жеткілікті орындамайтын мемлекеттер (аумақтар) тізбесіне енбеген; жемқорлық немесе өзге қылмыстық әрекеттері төмен деңгейдегі мемлекеттен (аумақтан) келген жеке және заңды тұлғалардың іскерлік қатынастары мен мәмілелеріне; 2) клиентке егер клиент: қаржы мекемесі – қаржы мониторингі су­бъектісі болған және соңғы бір жылда АЖ/ТҚҚ туралы заңнаманы сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған жағдайда; Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылғанда; Қор биржада тіркелген ұйым болып табыл­ғанда; 3) мынадай: мемлекеттік қызметшілердің мүлікті (ком­мерциялық ұйымдардың жарғылық капи­талындағы үлестерді, акцияларды және өзге мүлікті, сонымен қатар жалдауға берілген мүлікті) сенімгерлікпен басқаруға беру бойынша; мүлікті пайдалану тәртібі туралы шартты куәландырумен байланысты операцияларға беріледі. АЖ/ТҚ тәуекелінің төмен деңгейі берілген клиенттерге АЖ/ТҚҚ туралы Заңның 5-бабы 7-тармағына сәйкес клиенттерді тиісінше тек­серудің жеңілдетілген шаралары қолда­нылады. 4. Клиенттерді сәйкестендіру бағдарламасы 19. Клиенттерді сәйкестендіру бағдарламасы Субъектілердің клиент жүзеге асырған операцияларды қаржыландыру көзі туралы мәліметтерді қоса алғанда, клиенттер (олардың өкілі) және бенефициарлық меншік иелері туралы бұрын алынған мәліметтерді анықтау, жаңарту бойынша іс-шараларды жүргізуі болып табылады және: 1) Заңның 5-бабының талаптарына сәйкес клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тиісінше тексеру жөніндегі шараларды сақтау; 2) Заңның 5-бабы 3-тармағының 6) тар­мақ­шасына сәйкес клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәлі­меттердің дұрыстығын тексеру; 3) Заңның 12-бабына сәйкес Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінде көзделгендей клиентке (оның өкіліне) және бенефициарлық меншік иесіне қатысты олардың терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысы болғандығы немесе жоқтығы; 4) Заңның 8-бабының талаптарына сәйкес клиенттiң шетелдiк жария лауазымды тұлғаға, оның отбасы мүшелеріне және жақын туыстарына жататынын және (немесе) қатысы болғандығын тексеру; 5) сәйкесінше тіркеуі, тұратын жері немесе орналасқан жері бар клиенттерді анықтау: ФАТФ ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) жеткілікті орындамайтын мемлекетте (аумақта) не Заңның 4-бабы 4-тармағының 4) тармақшасына сәйкес көрсетілген мемлекетте (көрсетілген аумақта) тіркелген банктегі шоттарды пайдаланушы; Бұйрықпен бекітілген оффшорлық аймақ­тарда; 6) болжамдалатын мақсаттар мен іскерлік қатынастар сипатын белгілеу. Ескертпе: АЖ/ТҚ тәуекелінің деңгейі жоғары клиент үшін болжамдалатын мақсаттар мен іскерлік қатынастар сипатын белгілеу кезінде жасалатын операциялардың қызмет түрі мен қаржыландыру көзі туралы қосымша мәліметтер сұратылады. АЖ/ТҚ тәуекелінің деңгейі төмен клиент үшін болжамдалатын мақсаттар мен іскер­лік қатынастар сипатын белгілеу клиент операцияларының сипаты негізнде анықталады. 7) тәуекелдерді басқару бағдарламасына сәйкес клиентті тиісінше тексеру бойынша берілген тәуекел деңгейіне қарай клиентке шара қолдану; 8) клиенттерді сәйкестендіру нәтижелері бойынша алынған мәліметтерді клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы сәйкестендіру мәліметтерінің өзгеруіне қарай, алайда жылына кемінде бір рет жаңарту рәсімдерін қамтиды. АЖ/ТҚ тәуекелінің деңгейі жоғары клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді жаңарту кем дегенде жарты жылда бір рет жүзеге асырылады. АЖ/ТҚ тәуекелінің деңгейі төмен клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді жаңарту кем дегенде екі жылда бір рет жүзеге асырылады. Клиентке іскерлік қатынастарды орнатудан және ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операция жасаудан бас тартылған жағдайда, Заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1), 4) және 6) тармақшаларында көзделген шараларды қабылдау мүмкін болмаған жағдайда, Субъектілер уәкілетті органға осындай бас тарту фактісі туралы ҚМ-1 нысаны бойынша хабарлама жібереді. Заңның 5-бабы 3-тармағының 6) тармақ­шасында көзделген шараларды қабылдау мүмкiн болмаған жағдайда, сондай-ақ клиент жасайтын операцияларды зерделеу процесінде клиент іскерлік қатынастарды АЖ/ТҚ мақсатында пайдаланады деген күдік туындаған жағдайда, Субъектілер клиентпен іскерлік қатынастарды тоқтатады. Егер іскерлік қатынастар жоғарыда көрсетілген негіздер бойынша тоқтатылса, Субъектілер уәкілетті органға ҚМ-1 нысаны бойынша хабарлама жібереді. 5. Клиенттердің күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларын зерделеуді қоса алғанда, клиенттердің операцияларына мониторинг жүргізу және оларды зерделеу бағдарламасы 20. Субъектілер мынадай операцияларды анықтауды қамтитын, клиенттердің күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларын зерделеуді қоса алғанда, клиенттердің операцияларына мониторинг жүргізу және оларды зерделеу бағдарламасын әзірлейді: 1) Заңның 4-бабының 1 және 2-тармақтарында көрсетілген; 2) Заңның 4-бабының 3-тармағында көрсе­тілген; 3) Заңның 4-бабының 4-тармағында көрсе­тілген. 21. Субъект клиентке АЖ/ТҚ тәуекелінің жоғары деңгейін берген жағдайда, жоспарланған немесе жүргізілген операциялардың себептерін анықтау мақсатында клиенттің аталған Субъектіде өткізілген барлық операцияларды қосымша зерделейді және тексеруді талап ететін операциялардың сипатын анықтайды. Субъект клиентке АЖ/ТҚ тәуекелінің төмен деңгейін берген жағдайда клиенттің ағымдағы операциясын зерделейді. 22. Клиенттердің операцияларына мониторинг жүргізу және оларды зерделеу бағдарламасын іске асыру аясында алынған мәліметтер құжаттық тіркеледі және клиенттің дерекнамасына енгізіледі. 23. Заңның 4-бабы 1, 2 және 3-тармақтарында көрсетілген клиенттің анықталған операциялары туралы мәліметтер мен ақпараттар уәкілетті органға ҚМ-1 нысаны бойынша ұсынылады. 24. Субъектілер міндетті зерделеуге жататын операциялар туралы хабарламаны осындай операция күдікті ретінде танылған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешiктiрмей уәкілетті органға ұсынады. 6. АЖ/ТҚҚ мәселесі бойынша даярлау және оқыту бағдарламасы 25. АЖ/ТҚҚ мәселесі бойынша даярлау және оқыту бағдарламасы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10001 болып тіркелген «Қаржы мониторингі субъектілерін жұмыскерлерді даярлау және оқыту бойынша қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 533 бұйрығымен бекітілген жұмыскерлерді даярлау және оқыту жөнінде қойылатын талаптарға сәйкес әзірленеді. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 5 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №13688 болып енгізілді.